Новости сайта

Құрметті Халықаралық бизнес университетінің білім алушылары мен оқытушылары!

 
Picture of Moodle Admin
Құрметті Халықаралық бизнес университетінің білім алушылары мен оқытушылары!
by Moodle Admin - Thursday, 30 April 2020, 1:17 PM
 

Біздің оқу орнымыз әрқашан  өз қызметін  келесі құжаттарға сай жүргізетін:

• ҚР «Білім туралы» Заңы және ҚР БжҒМ нормативті құжаттарының талаптары; 

• Біздің білім беру бағдарламаларымызды еуропалық сапа стандарттары бойынша аккредиттеген  FIBAA және AQAustria халықаралық аккредитациялық агенттіктерінің алдындағы міндеттемелер; 

• Шетелдік серіктестерімізбен жасалған қосдипломды бағдарламалар мен академиялық мобильділік бойынша шарттар; 

• CFA, ACCA, Amadeus, Toefl ITP және т.б. халықаралық кәсіби сертификациялау бағдарламалары бойынша келісімдер;  

• Өткен жылдан бері толыққанды мүшесі болғандықтан, Академиялық адалдық лигасының ұстанымдары. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылдың 15 наурызындағы №285-ші Жарлығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылдың 14 наурызындағы №108-ші бұйрығына сай, еліміздің барлық оқу орындары, соның ішінде Халықаралық бизнес университеті (UIB) қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалану негізінде сабақ жүргізуге ауысты. 

 Қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалану ХБУ үшін таңсық емес. Бұрын да бұл технологиялар академиялық мобильділік бағдарламалары бойынша шетелге кеткен студенттер үшін, GSB тыңдармандары үшін және blended learning форматында пайдаланылған болатын.   

Әрине, онлайн-оқыту форматының көп еңбекті және техникалық құралдармен қамтамасыз етілуді қажет ететінін, Интернетке қолжетімділікпен тікелей байланысты екенін біз білгенбіз. Осыған байланысты онлайн-оқытуды ең алдымен біз тек дәріс сабақтарын өткізуден бастап, сабақ кестесін реттеу, оқу курстарының жаңа білім мазмұнын қалыптастырудан бастадық. Бұл профессор-оқытушылар тарапынан қосымша еңбек күшін жұмсауды талап етті.  

Содан кейін Ақпараттық техногологиялар орталығы (АТО) оқытушылар мен студенттердің жұмысын жеңілдету үшін бейненұсқаулар дайындады. Барлық бейненұсқаулар университеттің ақпараттық қорларында орналастырылған. Осы уақыт аралығында күн сайын орташа есеппен алғанда 492 сабақ Microsoft Teams пен Moodle оқу порталын пайдаланумен өткізілді, оқытушылар орташа есеппен 159 өз бетімен орындауға арналған тапсырма мен 1963 бағаны ЖОО-ның оқу порталына қойды.  Пәндер қимасында көрсетілген барлық алынған бағалар Moodle-да сақталған және сауалнама нәтижелерімен салыстырылған.  

Қашықтықтан оқыту технологияларына ауысудың екінші аптасында Сапаны қамтамасыз ету орталығы оқытушылар мен студенттер арасында онлайн-оқытуды қолданудың аралық қорытындылары жөнінде сауалнама жүргізіп,  нәтижелері университеттің алқалы ұйымдарының мәжілістерінде талқыланып, оқыту әдістемелерін жетілдіру бойынша шаралар жүзеге асырылған болатын. Факультет пен кафедралар апта сайын старосталардың жиналысын өткізіп, онлайн-оқыту мәселелерін талқылады.  Студенттермен өткізілген онлайн-кездесуден кейін 24-29 сәуір аралығында қайтадан бакалавриат студенттерінің арасында емтихан тапсыру түрлері мен қорытынды баға алу, білім алушылардың емтихан сессиясына дайындығы мен техникалық жағынан қамтамасыз етілуі жөнінде жаппай сауалнама жүргізілді, (сауалнамаға студенттердің жалпы санының 93%-ы қатысты). Сауалнама қорытындылары бойынша анықталғаны:

- респонденттердің 97%-ынан астамы, онлайн-оқытуға ауысу аралығында  MS TEAMS-тегі онлайн-стримминг және Moodle арқылы дәрістер мен семинар-сабақтарға сәтті қосыла алғандығын (66%) немесе тапсырмаларды тек  Moodle арқылы алып, орындағандығын (31%)   атап өтті (бұл мәліметтер біздің ақпараттық жүйелердегі білім алушылардың «сандық ізімен» дәлелденеді).

- онлайн-оқытудан өту үшін техникалық құралдары жоқтығын және тұрақты интернет-байланыс болмағандығын атап өткен білім алушылар да болды  (1%-дан аспайды), олардың саны 55 адам (оларға уақытша техникалық құралдармен қамтамасыз ету  бойынша және басқа да көмек көрсетіледі).  

- 80%-дан астам респондент интернет-байланыстың тұрақсыз болуына және оның жылдамдығының жеткіліксіз болуына байланысты арасында проблемалар болғаны туралы жазды,  олардың ішінде 56%-ы елімізде жаппай Интернетке жүктеме түсуінің салдарынан    онлайн-емтихан тапсыру барысында осындай проблемаларға ұшырау қаупі болуы мүмкін деген пікірлерін білдірді.   

- респонденттердің 68%-ынан астамы, емтихан тапсыру мерзімін карантин аяқталғаннан кейінгі уақытқа ауыстыру оқылған оқу материалының ұмытылуына әкеп соқтыруы мүмкін екендігін айтты, дегенмен 15%-ы  емтихандарды дәстүрлі түрде кейінгі уақытта, мысалы, шілде не тамызда тапсыруға дайын екендігін атап өтті (өтініш жазғанынан кейн оларға осындай мүмкіндік беріледі)

-  білім алушылардың 52%-ынан астамы пән бойынша жоғары қорытынды бағаны алу мақсатында қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы емтиханды мамыр айында минималды интернет қолжетімдік жағдайында немесе карантин тоқтатылғаннан кейін дәстүрлі түрде  тапсыруға дайын екендігін жазды.  

Сонымен қатар респонденттердің (білім алушылардың) арасында шынайы емес жауап беру фактілері болғаны да  анықталды, атап айтқанда, техникалық құрал жоқтығын немесе Интернетке қолжетімдігі аз екендігін айта отырып, олар MS Teams сабақтарына сәтті қатысқан және орындаған тапсырмалары үшін бағаларын алған. Сондай-ақ көбісінің қашықтықтан онлайн-оқыту немесе емтихан тапсыру технологияларын ажырата алмайтындығы байқалды. Мәселен, олар тікелей онлайн-қосылудағы Интернет байланыстың төмен сапасына байланысты туындайтын көптеген проблемаларды төмен Интернет жылдамдығында, мысалы электронды пошта арқылы ақпарат алмасу әдістерінің көмегімен шешуге болатындығын ескермеген.  

Бұл сауалнама қорытындылары кафедралар мен факультет мәжілістерінде әр пәннің өзіндік ерекшеліктері мен білім алушылардың техникалық қамтамасыз етілуіне қатысты емтихандардың жаңа түрлерін белгілеу   тұрғысынан талқыланды. 

Сонымен қатар біз жұмыс берушілер қауымдастықтарының өкілдері тарапынан түскен пікірлерді де ескереміз. Олар бірқатар жоғары оқу орындарының кредиттік оқу технологиялары мен академиялық адалдық ұстанымдарын өрескел бұзып, емтихандарды өткізбей, жай ғана бағаларды қоятындығына алаңдаушылық білдіруде, өйткені бұл транскриптерде қойылған бағалар мен білім алушылардың біліктілігіне сенімсіздік тудырады.    Әрине, қазіргі еңбек нарығында ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасуы бойынша бәсекелестік артқан кезеңде бұл кез келген жоғары оқу орнының беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Біз бұл алаңдаушылықтарды түсінеміз және өз түлектеріміздің мүдделерін қорғап, олардың оқу жетістіктерінің (пәндер бойынша бағалары мен GPA) жұмыс берушілермен болашақта табысты танылуын мақсат тұтамыз. Бірақ біз бұған тек Академиялық саясатты, ЖОО-ның Сапаны қамтамасыз ету саясаты мен стандарттарын қатал сақтау арқылы ғана қол жеткізе аламыз.     

Сондай-ақ ескеретін бір жайт: қолданыстағы Кредиттік оқыту технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелеріне сай (Қазақстан Республикасы білім жіне ғылым Министрінің 2011 жылдың  20  сәуіріндегі №152-ші бұйрығы),  28-бапта: «әр оқу пәні бір академиялық мерзімде оқытылып, қорытынды бақылаумен аяқталады» және 37-бапта:«білім беру бағдарламасының жүзеге асырылу сапасын арттыру және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында оқу үдерісі мен қорытынды бағалау бөлінеді» делінген. Демек, қалай болған жағдайда да оқу пәндері бойынша емтихан түрінде қорытынды бақылау болуы тиіс. 

ЖОО-лар пандемия кезеңінде аралық және қорытынды бақылауды ұйымдастыру мәселелерін  дербес  шешуге құқылы. Осыған байланысты ҚР БжҒМ бірнеше қосымша ұсыныстар берген болатын: 

• Емтихандарды қашықтық форматта қабылдау;

• Техникалық проблемалар бар жағдайда пән бойынша бағаларды ағымдағы бағалар негізінде қорытындылау;

• «I» (Incomplete) бағасын қойып, емтиханды кейінгі мерзімге ауыстыру, бұл студенттерге емтиханды кейінірек тапсыру мүмкіндігін беріп, оларды оқудан шығып қалу қаупінен сақтайды. 

Бұл айтылғандардың бәрі ұсыныс ретінде берілгенін ескеріп, Кредиттік оқыту технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелерінің сақталу талабын жоққа шығармайтынын атап өткен жөн.  Заңнамаға сай, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінің (соның ішінде осы Ережелердің) талаптарын бұзу не орындамау ЖОО-ларға қатысты санкциялардың қолданылуына, тіпті олардың жабылуына дейін әкеліп соқтыруы мүмкін.   

Сондықтан қолданыстағы заңнама шеңберінде жоғарыда аталған мәселелерді шешудің түрлі жолдары мен мүмкіндіктері қарастырыла отырып, университеттің Ғылыми кеңесінде ( 29.04.2020 ж.)  төмендегі шешімдер қабылданды:

1) Жалпы алғанда көктемгі  емтихан сессиясы ХБУ-де қашықтық  форматта келесі емтихан түрлерін пайдаланумен жүзеге асырылады: тестілеу, жазбаша, ауызша, жобаларды қорғау, кейс тапсырмаларын орындау, home based open book және т.б.;

2) Шешілмейтін техникалық проблемалар болған жағдайда студенттің өтініші бойынша «I» (Incomplete) бағасы қойылып,  емтихан  кейінгі уақытқа (күнге) ауыстырылады;

3)  1-3 курстарда бірқатар пәндер бойынша (негізгі немесе кәсіби бағдарлы пәндерден басқасы) home based open book exams түріндегі емтихан ұйымдастырылады, яғни тапсырмалар (сұрақтар) студенттерге алдын ала таратылады да, белгілі бір мерзімде (келесі күні немесе одан да көп күннен кейін) студент оқытушыға жауабын қайтарады, сондай-ақ бұл тұста студенттің пән бойынша ағымдағы бағалары (ІСБ1 және ІСБ2 )  ескеріледі;

4)  Барлық студенттер көктемгі семестрдегі жіберген сабақтарын өтеп, емтиханға жіберілу мүмкіндігін алу үшін балдарын толықтыра алады;

5) Осы оқу жылына курстан курсқа көшу GPA-і әр курс үшін 0,3 балға төмендетіледі;

6) Оқудың негізгі  төлемақысын өтеу мерзімі 2020 жылғы 25 мамырға дейін ұзартылады;

7) Карантин кезеңіндегі (наурыз, сәуір, мамыр) төлемақы бойынша өсімпұлдар есептен шығарылады;  

8) ЖСО тізімдеріне сай, «Әлеуметтк студенттік кредит» жобасы шеңберінде қызмет еткен еріктілерге жазғы практика сынақтары қайта қаралып, есепке алынады;

9) Жазғы семестр Академиялық кесте мерзімдеріне сай, қашықтық форматында

өткізіледі немесе шешілмейтін техникалық проблемалар болған жағдайда студенттің өтініші бойынша,  емтихан  кейінгі уақытқа ауыстырылады (тамыз айына не келесі академиялық кезеңге). Бұған қоса жазғы семестрде (маусымнан тамызға дейін)  оқитындарға академиялық кредиттің құнынан 50%-ға дейін жеңілдік беріледі;

10) "FХ" белгісіне сай келетін «қанағаттандырарлықсыз» бағасын алған жағдайда білім

алушы оқу пәнінің/модульдің бағдарламасын қайтадан өтпей  қорытынды бақылауды тегін тапсыру мүмкіндігін алады.  

Барлық жоғарыда аталған сұрақтар мен емтихан түрлері бойынша білім алушылар мен оқытушыларға толық түсініктемелер мен нұсқаулар беріледі, оларда емтихан сессиясы кезінде туындайтын түйіткіл мәселелерді шешудің барлық мүмкін болатын  жолдары  көрсетіледі. 

Сондай-ақ біз бірқатар адамдардың жоғары білім беру жүйесінің бүге-шүгесін, бар мүмкіндіктерін білмей, әлеуметтік желілерде ХБУ-ге қатысты өз пікірін тым өткір түрде білдіріп жатқандарын білетінімізді атап өткіміз келеді. Бұл тұлғалардың жауапкершілікті толықтай сезіп, уақыт өте келе біздің университет мүддесін барынша қорғап отырғанымызды түсінетін шығар деген үміттеміз. 

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, біз төтенше жағдай мен жалпы карантинге байланысты қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, университетіміздің беделін, күшті академиялық дәстүрлерін және оқу орнымыздағы білім сапасын сақтап қалуға тырысатын барлық білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамына үлкен ризашылығымызды білдіргіміз келеді.  



ХБУ Президенті, Ахмед-Заки Д.Ж.