Новости сайта

Ақпараттық хабарлама

 
Picture of Moodle Admin
Ақпараттық хабарлама
by Moodle Admin - Monday, 18 May 2020, 7:25 PM
 

Халықаралық бизнес университеті (бұдан әрі – UIB Университеті) 2019-2020 оқу жылында көктемгі емтихан сессиясын өткізуге қатысты келесіні хабарлайды.

UIB өз жұмысын ҚР "білім туралы" Заңына және ҚР БҒМ нормативтік құжаттарының талаптарына, Еуропалық сапа стандарттары бойынша біздің білім беру бағдарламаларымызды аккредиттеген FIBAA және AQAustria халықаралық аккредиттеу агенттіктері алдында қабылданған міндеттемелерге, қос дипломды бағдарламалар және академиялық ұтқырлық бойынша шетелдік серіктестермен келісім-шарттарға, CFA, ACCA, Amadeus, TOEFL ITP және сол секілді халықаралық кәсіби сертификаттау бағдарламалары бойынша келісімдерге, сондай-ақ, өткен жылдан бастап толық құқылы мүшесі ретінде Академиялық адалдық Лигасының қағидаттарына сәйкес жүзеге асырады.

Халықаралық бизнес университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы №108 бұйрығына сәйкес қашықтықтан білім берудің технологияларын қоладана отырып сабақты 14 наурыздан өткізуге көшкен болатын. Оқу барысы Microsoft Teams және Moodle оқу порталын қолдана отырып қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сапамен қамтамасыз ету қызметі студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы арасында қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып оқыту тәжірибесі туралы және ықтимал болатын мәселелерді анықтау бойынша сауалнамаларды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Студенттер және оқытушылар құрамымен бірнеше онлайн кездесулер өткізілді. Онда әр пәннің ерекшелігін және білім алушылардың техникалық қамтамасыз етілуін ескере отырып, емтихандардың жаңа түрлері талқыланған болатын.

ҚР БҒМ ұсынымдарына сәйкес әрбір жоғары оқу орны емтихан сессиясын өз бетінше өткізу туралы шешім қабылдайды. ҚР БҒМ қолданыстағы нормативтік құқықтың құжаттамаларға сәйкес әрбір оқу пәні бір академиялық кезеңде зерделенеді және қорытынды бақылаумен (емтихандық процедурамен) аяқталуы тиіс.

Университеттің Ғылыми кеңесінде (29.04.2020 ж.) қолданыстағы заңнама шеңберінде мәселелерді шешудің барлық нұсқалары мен мүмкіндіктерін қарастырып, ұжымдық түрде келесі шешім қабылданды:

1) жалпы UIB Университетіндегі көктемгі емтихан сессиясы, емтихандардың әр түрлі формаларын пайдалана отырып қашықтықтан өтеді: тестілеу, жазбаша, ауызша, кейстік тапсырмаларды орындау түрінде жобаларды қорғау, home based open book және т.б.;

2) шешілмейтін техникалық мәселелер болған жағдайда студенттің өтініші бойынша емтиханды келесі уақытқа (күнге) немесе одан кейінгі мерзімге (мысалы, тамыз айына) ауыстырылады.

Емтихандардың барлық түрлері бойынша студенттер мен оқытушылар құрамы үшін егжей-тегжейлі түсініктемелер және бейнеқұрылымдар әзірленді, онда емтихан сессиясы барысында туындайтын мәселелерді шешудің барлық жолдары көрсетілген.

Бұл ретте ауызша емтихандар мен жобалар Microsof Teams арқылы веб-жиналыс режимінде тапсырылады. Жазбаша емтихан мен тестілеу бүкіл әлем бойынша 1500-ден астам білім беру ұйымдарында тиімді қолданылатын Respondus (АҚШ) компаниясының онлайн прокторинг жүйесін пайдалана отырып өтеді және оның негізінде жылына 100 млн.-нан астам емтихан өткізіледі. LockDownBrowser Respondus Monitor-мен бірлесе отырып, емтихан кезінде қалай тапсыратындарын бақылау үшін білім алушылардың веб-камераларын пайдаланады және онлайн емтихандардың академиялық адалдығын қамтамасыз етуге көмектеседі. Бұл шешім студенттердің емтиханды өз бетінше тапсыратынына және бөгде адамдар мен рұқсат етілмеген материалдарды пайдаланбайтындығына көз жеткізуге мүмкіндік береді. LockDownBrowser және RespondusMonitor бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудың кең тәжірибесі жүйенің тұрақты жұмыс істейтінін және техникалық құрылғылардың жұмысына теріс әсер етпейтінін көрсетеді.

Көктемгі емтихандық сессия дистанциялық форматта 2020 жылдың 11-ші мамырында студенттерге home based open book формасындағы әр курс бойынша бірқатар пәндер бойынша тапсырмалар жіберуден басталды. Тест тапсыру кезінде Интернет желісіне жүктеменің арттырумен, студенттерде техникалық құралдардың жоқтығымен (мысалы, компьютерлердегі веб-камералар), прокторинг жүйесінің бұрышына қате деректерді (логиндерді) толтырумен және студенттердің бағдарламаны дұрыс орнатпауымен байланысты бірқатар техникалық ақаулар жедел түрде анықталды. Осы фактілерді ескере отырып, емтихан сессиясын ұйымдастыру бойынша арнайы құрылған комиссия студенттердің өтініші бойынша емтиханды басқа уақытқа ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Емтихандарды өту кестесі сессия басталғанға дейін екі апта бұрын бекітілді. Сонымен қатар, ЖОО-ның академиялық саясатына сәйкес күтпеген немесе форс-мажорлық жағдайлар туындауына байланысты ЖОО-ның арнайы комиссиясы емтихан өткізудің нысанын, тәртібін және мерзімін қайта қарауға құқылы.

Сонымен қатар, студенттерге ыңғайлы болу үшін серіктестермен бірге арнайы мобильді қосымша әзірленді, ол студенттерге компьютерлер мен ноутбуктер болмаған жағдайда ұялы телефон және планшеттер арқылы емтихан тапсыруға мүмкіндік береді, онда прокторинг смартфон камерасы арқылы ұйымдастырылған.

Келесі күндері емтихандар штаттық режимде өтті. Бүгінгі таңда ЖОО бойынша барлық емтихандардың 50% - дан астамы өтті. Техникалық мәселелер туындаған жағдайда барлық білім алушылар үшін осы сессия кезеңінде емтиханды қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі.

UIB академиялық сипаттағы барлық мәселелер бойынша студенттерге, профессор-оқытушылық құрамға және серіктестерге барынша қолдау көрсетуге әрдайым дайын екендігін тағы да мәлімдейді.